Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ішім лапылдап өртеніп жатыр". Танымал әншінің анасы өмірден озды

20:33, 25 сәуір 2025 911

Өзіндік өнерімен әлемге танылған Тарканның анасы Неше Теветоғлу сәуір айының ортасында қаза тапты. Түрік әншісінің анасы Анталья қаласындағы ауруханада жүрек талмасынан қайтыс болған, деп хабарлады Alash.KZ порталы.

 El.kz ақпарат агенттігі қара жамылған әнші жайлы жазды.

Анасының дүниеден өткені туралы Таркан алғаш рет әлеуметтік желіде жүрекжарды жазба жариялап, қоштасу хатын бөлісті:

«Анадан айырылу – ішкі жан дүниеңде лапылдап жанған от секілді. Бұл от оңайлықпен сөнбейді. Қиын сәттерде жанымда болғандарыңыз – мен үшін өте қымбат. Бұл кезеңде маған қолдау білдірген барлық сүйікті жандарға, тыңдармандарыма, отбасым мен достарыма шын жүректен алғысымды білдіремін», – деп жазды әнші.

Таркан сондай-ақ осы қиын шақта ерекше қолдау көрсеткен жары – Пынарға ризашылығын білдірді:

«Бұл ауыр кезеңде әрдайым жанымнан табылғаның үшін ризамын. Қызымыздың күлімдеген жүзі жүрегімдегі ауыртпалықты жеңілдетуге көмектеседі. Сендер барсыңдар – соған мың алғыс», – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар