Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Іш киімді көрсеткен: Марқұм Ақнәр туралы сұмдық дерек шықты

09:55, 20 мамыр 2025 1229

Терезеден құлап кеткен марқұм Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты тың ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды ALASH.KZ MADENIPORTAL.KZ сайтына сілтеме жасап.

Ақнәрдің анасының айтуынша, сол күні қызы көрші блокқа Қытайдан алып келген іш киімді екі құрбысына көрсету үшін барған.

Анасының нұсқасына сүйенсек, сол сәтте екі құрбысы — қызғаныштан ба, әлде зұлымдықтан ба — Ақнәрді азаптай бастаған.

Қыз өзін өлтіргелі жатқанын сезіп, бар даусымен айқайлаған. Алайда Instagram желісіндегі aqnar_ushin парақшасының мәліметінше, көршілер көмекке келмеген.

Сол сәтте жанында болған екінші қыз — Дидар есімді бойжеткен — әжетханаға тығылып, ішінен жауып алған. Кейінірек Дидар Ақнәрдің анасына жолдаған дауыс жазбасы жарияланды. Онда ол Ақнәрдің қатты қиналып жатқанын естігенін және екінші қыздың оны буындырып жатқанын айтқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар