Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Иранның саяси-діни ықпалынан абай болу керек!

16:49, 20 маусым 2022 168
Қ.Тоқаев кеше Иранға барған сапарында:
"Иран – ежелгі өркениет ошағы. Сондай-ақ Қазақстанның ислам әлеміндегі маңызды серіктесінің бірі. Әйгілі Фирдоуси өзінің "Шахнамасында" Иран мен Тұранның Ұлы Жібек жолындағы тағдырлас елдер екенін атап өткен"-дей келе, ол қазақтың ұлы ақыны Абай Сағдидің, Жәми мен Румидің шығармаларын жақсы білгенін, шығыс мәдениетіне терең бойлағанын атап өтті. Мұның бәрі байланысымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқанын көрсетеді-депті.

Меніңше Қ.Тоқаевтың бұл сөзінен кейін теократиялық Иранның қазақтарға деген діни насихаты күшейеді.
АЛЫСҚА БАРМАЙ-АҚ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИДІҢ ӨЗІ ШИҒАЛЫҚ СУФИЗМНІҢ БЕЛДІ ӨКІЛІ ЕКЕНІН КӨП ҚАЗАҚ БІЛЕ БЕРМЕЙДІ.
Оның үстіне ақын Светқали Нұржан,Саят Ыбырай,Санжар Керімбай,т.б сияқты бір топ қазақтар бірнеше мәрте Ирандағы ең жоғары билік иесі аятолла Сейд Әли Хаменеидің жан досы Гүлістан провинциясының әкімі Саид Казим Нұр-Муфидидің ресми қабылдауында болған.
Бізде "Иран - мұсылман ел, көршіміз һәм досымыз" деген жаңсақ түсінік бар. Иран түрік елдеріне,түркілерге,яғни соның ішінде қазаққа ешуақытта және ешқашан дос-тілекші болған емес.
Мысалы ҚМДБ "Ғұламалар кеңесінің"XXXIV мәжілісінде «Әзірет Сұлтан тарихи кешеніне зиярат жасаудың діни әдебі» құжаты қабылданды.
«Бұл ереже Әзірет Сұлтан тарихи кешенін зиярат етудің өзіндік мәдениетін қалыптастыру, зияраттың шариғат тұрғысынан дұрыс орындалуы үшін әзірленді.
Зиярат жасаудың әдебі Ислам дінінің негізгі қайнар көздері мен ата-бабаларымыздың дәстүрлері негізінде дайындалды» делінген құжат мәтінінде.
Меніңше ҰРЫ НАЗАРБАЕВ алда-жалда өмірден өтсе, Ахмет Яссауи пантеонына оны жерлеу үшін мүфтият жоғарыда құжатты әдейі дайындаған.
Мысалы «Диуани хикмет» атты діни у-ағызға толы өлеңдер жинағын қарасақ, Яссауи бірнеше мәрте "якобы Алланың" «қабылдауында» болыпты-мыс.
Демек сопылардың практикасы бойынша, Ахмет Яссауи ақиқатқа жеткен болып саналады, ал сопылық доктрина ақиқатқа жеткен адам Құдайдың сипатына толықтай ие болады дейді))))
ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ХАН, СҰЛТАН,БИ ҺӘМ БАТЫРЛАРДЫҢ ЯССАУИДІҢ ҚАСЫНДА ЖЕРЛЕНУІ ОСЫМЕН ТҮСІНДІРІЛЕДІ.
Себебі бір жағынан алғанда, жоғары сопылық иерархияның «киелілігі» жатқан жеріне де таралады деп есептеледі, басқа жағынан алғанда, «әулиеге» табынып, оған еру Яссауидің Алла алдында шапағат қылуына лайықты қылады-мыс.
Бірақ шыны керек, сопылық «даналық» һәм сопының киелілігі жердің қандай ауданына таралатындығы туралы айтпайды, бәлкім әйгілі тұлғалардың «киеліге» барынша жақын жерленуге тырысқаны сол үшін шығар.
ЯССАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ ЖАНЫНДА ОРНАЛАСҚАН ЗИРАТ-ПАНТЕОН УНИКАЛЬДЫ ҚҰБЫЛЫС ЕМЕС, бұл практика шумер өркениеті, ежелгі Мысыр, Үндістан, Грекия және ацтектерде байқалады, әсіресе шииттерде кең түрде таралған, тіпті Мұхаммедтің қабірінің қасында да көптеген жерлеулер бар. Барлық жерде Құдайға жақын адамның жатқан жер аумағы ерекше белгіленеді.
Көргеніміздей, бәсекелес болып көрінетін діни жобаларды монистік көзқарас бір жазықтыққа қояды.
ҚОРЫТЫП АЙТҚАНДА ТҮРКІЛЕРДІҢ ТӨЛ ДҮНИЕТАНЫМЫ ТӘҢІР СЕНІМІН - ШИҒАЛЫҚ СУФИЗММЕН АЛМАСТЫРҒЫСЫ КЕЛГЕН МҰХАМЕДТІҢ ҰРПАҒЫ САНАЛАТЫН ДІНИ МИССИОНЕР АХМЕТ ЯССАУИ - ҚАЗАҚҚА ЕШУАҚЫТТА САКРАЛЬДЫ ТҰЛҒА БОЛМАУЫ ТИІС!
Сондықтан да ортағасырлық санадағы халифатшыл діндарлар билейтін Иранның
саяси-діни-мәдени ықпалынан қазақтар мейлінше сақ болғаны жөн.

Тұрарбек Құсайынов
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар