Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Илон Маск Путиннің сұхбатын бұғаттамауға уәде берді

06:05, 07 ақпан 2024 322

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғыс басталған екі жылдан бері алғаш рет батыстық БАҚ-қа сұхбат берді.


Путиннен сұхбат алған америкалық журналист Такер Карлсон 6 ақпан күні сұхбаттың анонсын жариялады. Карлсонның анонсы 9 сағатта 50 миллион қаралым жинаған.


Ал, твиттер әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск америкалық журналист Такер Карлсонға Ресей президентінен алған сұхбаттың видеосын бұғаттамауға уәде берді. Карлсон бұл туралы сұхбатты жариялаған бейнеде айтты.


Журналистің сапарын Кремль маңындағы ресейлік БАҚ пен блогерлер белсенді түрде жариялап жатыр. Карлсонның айтуынша, ол жол ақысын өзі төлеген.




«Біз Владимир Путинді жақсы көргеніміз үшін емес, Америка Құрама Штаттарын жақсы көргеніміз үшін осындамыз», - деді журналист. 



Ол Путиннен сұхбатты Украинадағы соғыстың барлық жағын көрсету ниетімен алғанын айтты. Сондай-ақ Карлсон Украина президенті Владимир Зеленскиймен сұхбат алу туралы өтініш бергенін мәлімдеді. 


Айта кетейік, Карлсон Fox арнасының бұрынғы жүргізушісі. Ол ақпан айының басында Путинмен сөйлесу үшін Мәскеуге барған.


Оның сұхбаты Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруінен кейінгі батыстық журналист пен Путиннің алғашқы жеке сұхбаты болмақ.




«Біздің TuckerCarlson.com веб-сайтында редакцияланбай жарияланған толық нұсқасын кез келген адам көре алады», - деп жазды журналист твиттер парақшасында. 



Фото: AP / РИА Новости

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар