Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Иіскеуім керек, алдыма отыр": Филармония басшысы сотқа шағымданғанын айтып мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

13:00, 24 маусым 2025 715

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаеваның “бастығым қысым көрсетті” деген желідегі жазбасына Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония директоры Ғалымжан Ерназаров жауап беріп, мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

«Кешегі әлеуметтік желіде тарап жатқан видео бойынша мен де өз жауабымды бергім келеді. Мен – отбасылы азаматпын, анам бар. Маған және отбасымның атына қара күйе жағылуда. Бұл мәселеде мені де заң қорғайды деп ойлаймын. Сотқа шағымдандым. Соттың шешімін күтейік. Содан кейін барлық әлеуметтік желілерде жария етеміз.

Сіздер оның әлеуметтік желідегі парақшасынан көріп отырсыздар, бір күні Жезқазғанда, бір күні Қызылордада тойда жүреді. Ол мүлде жұмысқа келмейді. Біздің қателігіміз – жұмыста болмағаны үшін қызметінен босату керек болғанда да жанашырлық танытқанымыз еді.

Мамандығым сәйкес болғандықтан және өнерге жанашыр болған соң, бұл қызметті атқарып отырмын. Шетелге іссапарлар ресми негізде жүзеге асады: елші хаты, басқарманың рұқсаты болады. Бұл қаражатты босқа шашу емес. Астана күнін атап өту мақсатында ұйымдастырылған іссапар», – деді филармония директоры.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар