Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Иіскеуім керек, алдыма отыр": Дәстүрлі әнші бастығынан қысым көргенін айтып жылады (ВИДЕО)

21:12, 23 маусым 2025 1071

Белгілі дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева ондаған жылдар бойы Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияда еңбек етіп жүргенін, бүгін сол өнер ордасының сахнасынан қуылғанын айтты. Бүгінде барша әріптестерінің көзінше бастығы өзін төмендетіп, ел алдына әнімен шығуына тыйым салынғанын жылап отырып айтып берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы KYN.KZ сайтына сілтеме жасап.

Әнші өз сөзінде облыстық басшылықтан көмек сұраған. Айтуынша филармония басшысы өзіне түрлі жолдармен тиіскен. Тіпті сезімін айтып, әнші бас тартқан кезде қысым көрсеткенге ұқсайды.

"Ұят та болса айтайын. "Алдыма отыр", "Сені иіскеуім керек" деген сөздерді айтты. Мен өзім еңбек ететін орындағы кемішіліктерді жиі айтамын. Ол дегеніңіз қазіргі жұмыс орнымнан кетуге ұмтылу емес. Мен осы жерден зейнетке кеткім келеді. Мен көтерген мәселені қарап, шешіп берулеріңізді сұраймын. Облыс әкімі, маған жасалған қастандықта араша болуыңызды өтінемін.",-деп жазды әнші видео үндеуінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар