Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Хромтауда 10 жастағы қыз көліктің ішінде тірідей өртеніп кетті

17:33, 28 тамыз 2024 563

Хромтау ауданында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

27 тамызда жеке үйдің ауласында тұрған ВАЗ көлігі өртеніп кетті. Өрттен кейін көліктен 10 жасар қыздың денесі табылды.

«Диапазон» журналистері оқиға туралы қосымша мәліметтерді анықтады. Өртке дейін бала ата-анасына сыртта ойнайтынын айтқан. Ауруына байланысты ол мектепке бармай, үйде оқып жүрген еді.

«Сол күні ата-анасы Хромтаудан келіп, көлікті аулаға қойып, үйге кірген. Біршама уақыт өткен соң көршілері көліктің өртенгенін хабарлаған. Өрт сөндірушілер жеткенше, көршілер өртті өздері сөндіруге тырысқан. Өрттен кейін ғана көліктің ішінен баланың денесі табылды. Сол кезде ғана қыздың көлікте отырғаны белгілі болды», — делінген басылымда.

Ауылдық округ әкімдігінің мәліметінше, қайтыс болған қыздың отбасы жақсы тұрады. Анасы — мұғалім, әкесі — кен орнында жұмыс істейді. Қыздан бөлек, олардың тағы екі ұлы бар. Үлкені жақында үйленген, екіншісі — мектеп оқушысы.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар