Талғарда «Хутор» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі ретінде танылған Хасан Қасымбаев пен оның серіктеріне қатысты сот үкімі шықты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Orda.kz хабарлауынша, сот шешімі бойынша Хасан Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге оның ісі бойынша айыпталған Сайлау Ақтанов — 8 жыл 6 ай , Данияр Асқаров — 8 жыл, Руслан Әлиев — 8 жылға, Мадияр Қалымжанов — 9 жыл 6 ай, Нұрмұхамет Сұлтанбеков — 22 жылға сотталды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Қасымбаев өзіне тағылған айыптарды мойындамай, істің қолдан жасалғанын айтқан болатын. Бұған дейін ол тергеу мен сот кезінде көптеген заң бұзушылықтар болғанын айтып, ақтауын сұрады.
«Менің кінәмді дәлелдейтін нақты айғақ жоқ. Бұл іс халықты тыныштандыру үшін ойдан шығарылған. Әділдік – біреуді жазалау емес, шындықты табу», — деген еді Қасымбаев соңғы сөзінде.
Айыпталушылар адам ұрлау, бопсалау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру баптары бойынша жауапқа тартылған.
2024 жылғы 4 қазанда қаза тапқан Шерзат Полаттың ісінен кейін «Хутор» деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топтың бар екені және оны Хасан Қасымбаев басқарады деген ақпарат тараған еді.
Хасан Қасымбаев пен оның серіктері мұндай айыптауларды негізсіз деп мәлімдеген.
2024 жылғы 15 қазанда Талғар аудандық әкімдігінде қызмет атқарған Аслан Қасымбаевтың жұмыстан кеткені хабарланған. Ресми сот деректеріне сәйкес, Хасан Қасымбаевтың тағы бір бауыры Ержан Қасымбаев атышулы «Қорғас ісі» бойынша куәгерді өлтірді айыппен түрмеде отыр.