Ол тіпті, АҚШ-тың Газада тез бітімге келу жөнінде әрекет етіп жатқанын жоққа шығарды. Бұл аздай, шайқас тоқтамайтынын мәлімдеді.
Биньямин Нетаньяхудың айтуынша, Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалғыз жолы бар. Ол – ХАМАС-ты толық жеңу. Премьер-министр жеңіс күніне жақындап қалғанын айтты. Бірнеше айда жеңіске жетуге болатынын да қадап айтты. Ол Израиль қорғаныс күштерінің Газа секторының оңтүстігінде операция бастау туралы бұйрық алғанын растады.
«ХАМАС-ты жоюдан басқа балама жоқ. Әйтпесе, ХАМАС-тың азаматтық үкіметі әскери жеңіліссіз құламайды, – деді ол.
Ал бұған дейін Халықаралық сот Израильдің Газадағы әрекетін «геноцид» деп атаған еді.
Фото: pixabay.com