ХАМАС өкілдері 34 израильдік тұтқынды босатуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы "Әшкере" телеграм арнасына сілтеп.
ХАМАС өкілі Reuters агенттігіне жасырын түрде берген мәлімдемесінде, кез келген келісім Израиль әскерлерінің Газадан шығуымен және тұрақты атысты тоқтату режимімен байланысты болатынын айтты.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі бұған жауап ретінде топтан тұтқындардың осындай тізімі алынбағанын мәлімдеді. Reuters агенттігі бұл тізімнің көшірмесі бар екенін айтқанымен, ондағы аттарды жарияламады.
Кейінірек ХАМАС өкілдері BBC-ге ұйым Израильмен атысты тоқтату туралы келісімнің бірінші кезеңінде босатуға дайын кепілге алынған 34 адамың тізімін берді. Олардың арасында 10 әйел, 50-85 жас аралығындағы 11 егде жастағы ер адам, сондай-ақ ХАМАС Израильдің әуе шабуылдарынан қайтыс болды деп мәлімдеген балалар бар. Тізімге бірнеше науқас адамдар да кіреді.
2023 жылдың қазан айында ХАМАС пен Израиль арасындағы жаңа соғыс басталған кезде палестиналық лаңкестер 250-ден астам адамды тұтқынға алған болатын. Олардың жүзге жуығы әлі де Газа секторында тұтқында отыр. Болжам бойынша, олардың үштен бірі қайтыс болған.
ХАМАС өкілдері 34 израильдік тұтқынды босатуға дайын екенін мәлімдеді
Қазақстандық волейболшылар жасөспірімдер Олимпиадасында екінші жеңісіне қол жеткізді
17:00, 01 қараша 2026
Ерлан Қарин: Радикализмді насихаттайтын кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қою керек
13:25, 01 қараша 2026
«3 алтын, 5 күміс, 2 қола»: Қазақстан садақ атудан Азия кубогын он медальмен аяқтады
11:20, 01 қараша 2026
«Осы клоунды беріңіздер! Түкіргенім бар…»: Данияр Елеусінов тосын мәлімдеме жасады
22:27, 31 қазан 2026
«Әділдік орнайды»: Айдос Сарым байлардың салықты көп төлеуіне қатысты пікір білдірді
18:31, 31 қазан 2026
«Сот ғимаратының алдында өзін өртеп жіберген»: Оқиға туралы күтпеген дерек шықты
17:32, 31 қазан 2026
«Бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажет» – Тоқаев
12:56, 31 қазан 2026