«Халықтық құрылыс» жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылады, деп хабарлайды Alash.kz.
Үкіметтің мәліметінше, «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында еліміз бойынша құрылыс көлемі одан әрі арта түседі.
Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев айтты.
Оның айтуынша, осы жылдың 9 айында құрылыс жұмыстарының көлемі 7,8 трлн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11,5%-ға өскен. Жыл соңына дейін республика бойынша 20 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі.
«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес, біз ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасын әзірлеуге кірістік. Оның аясында республика бойынша құрылыс көлемі одан әрі арта түседі. Құрылысы жүріп жатқан нысандардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Қаражаттың жұмсалуына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында «Халықтық құрылыс» жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылады. Оның құрамына бірқатар салалық ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихаттар депутаттары, Халық кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер және журналистер кіреді. Ауқымды құрылыс жұмыстарының отандық құрылыс материалдарымен және өндірістік базамен қамтамасыз етілетінін атап өткім келеді», — деді спикер.