Маңғыстау облысының полиция департаменті Ақтаулық тұрғын Александр Насибари өліміне қатысы бар деген күдіктегі барлық тұлғаларға халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Танымал заңгер Ажар Әбділдің мәлімдеуінше, күдіктілер 27 қарашада Қазақстаннан қашып шығып, қазіргі уақытта Ресей Федерациясының аумағында жасырынып жүр.
Іс материалдарына сәйкес, Александр Насибари 24 қарашада жоғалып кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде кең тараған. Кейін, 8 желтоқсанда, ер адамның денесі радон көздері орналасқан аумақтан табылған. ПД бұл оқиғаны қасақана өлтіру ретінде тіркеген.

Александр Насираби - қаза болған тұлға
Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр, ал күдіктілерді халықаралық іздеу арқылы анықтап, заң бойынша жауапқа тарту жұмыстары жүргізілуде.