Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Халқым, қан төгілмесін, митингке шықпаңыздар: Шерзаттың әкесі шұғыл үндеу жасады

11:54, 10 қазан 2024 683
 

Талғар қаласында болған резонансты оқиға барысы әлі шиелінісіп жатыр. Марқұм болған Шерзаттың әкесі халыққа үндеу жариялады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

«Өтінішім бар, халқым. Ешқандай митингіге шықпаңыздар, қантөгіс болмаса екен. Бір шоғырланған адамдар келіп, сол сәтті дұшпандарым пайдалануы мүмкін. Көтеріліс жасап, мені аяқтан шалып, бауырыма қастандық жасай ма деймін. Сол себепті халқым өтініп сұраймы: еш көтеріліс керек емес. Өз қағидам – заң аясында дұрыс әрі әділ шешім сұраймын. Артық ештеңе сұрамаймын. Шыны керек, қандай да бір ақпараттар болып жатса, өзім ғана бөлісемін. Видеожазбаға, аудиожазба, фотоларға сенбеңіздер. Ақылы түрде адвокат жалдауға тура келеді. Өзім үшін қорықпаймын. Кім келсе де, қандай жағдай болсын сөйлесе алам, өз басыма жауап бере алам. Ал отбасымның жеке қауіпсіздігі уайымдатады», - дейді марқұмның әкесі.

Шерзаттың әкесі өзін кімдер қорқытқанын да айтты. 

«Халқымнан сұраймын – қан төгілмесін. Ашық сот болуын талап етем. Ашық сот болса, оң шешім болады. Арандатуға түспеңіздерші. Аналар жыламасын, балалардың қаны төгілмесін. Бауырларым, арандап, алданып қалмайықшы. Жоғарыдағы ағалар да заң аясында қолға алып, қолға алып жатыр. Ертең Астанадана, ІІМ-нен адам келеді. Енді мен басқа балалардың болашағы жақсы болсын деп тілеймін», - дейді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар