Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Гематома және денесі көгерген: Германиядағы қазақ қызына байланысты тың дерек шықты

08:57, 11 маусым 2024 823

Із-түссіз жоғалып кеткен Германиядағя қазақ қызы туралы оның ағасы тың дерек тапты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы KTK телеарнасына сілтеме жасап.

Айгүл Сайлыбаеваның ағасы қарындасы оларға зорлық-зомбылық фактілері туралы айтпаса да, достары бұл туралы болжағанын түсіндірді.

“Қарындасым жоғалып кеткеннен кейін мен оның құрбыларымен тілдесіп,  қарындасымның қалай қиналғанын, күйеуі оған түрлі физикалық және психологиялық қысымға көрсеткенін естідім. Күйеуінің туыстары, әсіресе енесі күн бермеген көрінеді. Гематомалары, соққы алып, денесі көгерген, сырылған, құлақтары ісінген фотолары бар. Соңғы айда ол видеоқоңырауға шықпады”, – деді Айгүл Сайлыбаеваның ағасы Қанат Сайлыбаев.

Айгүл Сайлыбаева 2020 жылы күйеуімен бірге Қазақстаннан кеткен. Олар әртүрлі елдерде тұрған, соңғысы – Германияның Бенсхайм қаласы. Әйелдің күйеуі құқық қорғау органдарына олардың нақты тұрғылықты мекенжайын айтқысы келмеген екен. Осыған байланысты жоғалғанын үш күн болғаннан кейін ғана пәтерді тінтіген. 

Айгүл Сайлыбаева туыстарымен соңғы рет 3 маусымда хабарласқан. Бірақ қазақстандық дипломаттар әйелдің жоғалғанын 5 маусымда оның туыстары бас консулдыққа хабарласқанда ғана білді. 

“Жергілікті полиция қызметкерлерімен әңгімелесіп, олар мұқият іздейтіндерін айтты. Соған қарамастан Берлиндегі бас консулдығымыз бен елшілігіміз бұл мәселені ерекше бақылауда ұстау үшін Германияның сыртқы істер министрлігіне тиісті үндеу жолдады. Қазір неміс тарапымен бірлесе отырып, Қазақстандағы туыстарына виза алу мәселесін пысықтап жатырмыз”, – деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар