Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ғарыш арқылы анықтаған». ШҚО: Бірден 12 әкім жауапкершілікке тартылды

10:28, 13 қазан 2026

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында лауазымды тұлғалар мен жергілікті тұрғындардың заң бұзушылықтары анықталып, 12 ауылдық округтің әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Өңірлік прокуратура мамандары ғарыштан түсірілген суреттерді сараптап, аумақты аралап тексеру жүргізу кезінде заңсыз пайда болған 15 қоқыс полигонын тапқан. Осыған байланысты полиция қызметкерлері абаттандыру ережелері мен талаптарын бұзған 177 тұрғынды әкімшілік жауапқа тартты.

Сонымен қатар, өз аумағында тиісті бақылауды қамтамасыз етпегені үшін прокурорлық қадағалау актілері негізінде 12 ауылдық округтің әкімі де жазаланды. Қазіргі уақытта белгіленген әкімдік айыппұлдардың барлығы мемлекет бюджетіне толықтай өндірілді.

Құқық қорғау органы елді мекендердің санитарлық ахуалын тұрақты бақылауда ұстау және рұқсатсыз тасталған қоқыс орындарын түбегейлі жою бағытындағы кешенді шаралар әрі қарай да жалғасатынын білдірді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар