Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ғабит Мүсірепов өнерін жоғары бағалаған әртіс баспанасыз қалған. Қазір қарттар үйін паналап жүр

09:55, 06 шілде 2024 445

Алматы қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, кейіннен құрметпен зейнетке шыққан Айымторы Тайғаринова "ұғынықсыз жағдайда" баспанасынан айырылып қалған. Бұл туралы Alash.KZ ұлттық порталы хабарлайды. 

Театрдың өсіп-өркендеуіне ғұмырын сарп еткен Айымторы Тайғаринованың жасы қазір 86-да, 7 жылдан бері қарттар үйін паналап келеді.Пәтерін жалға беріп, кейіннен опық жеген. 

"Үйімізді алып қойды. Мен жалғыз өзім далада қалдым. Үйімізде адвокат жігіт пәтер жалдап тұрды. Ол пәтерақы ретінде әр ай сайын 30 мың беріп тұратын. Кейін қағазға 30 мың теңге алып отырғанымды жазуды сұрады. Мен жазып бердім. Кейін пәтерім қолды болды. Ол не жасағанын, қалай жасағанын білмеймін. Ол әлгі үйді сатып алғандай болған ғой", – дейді кейуана.

Айымторы Тайғаринованың өзі бір сұхбатында өмірде көп қиындық көргенін айтады. Оның өнерін Қазақстанның халық жазушысы, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, Социалистік еңбек ері Ғабит Мүсірепов жоғары бағалаған, сахнадағы кәсіби шеберлігіне Шыңғыс Айтматов, Тахауи Ахтанов сынды ақтаңгер жазушылар ерекше құрмет танытқан. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар