Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Франция президенті Макрон саясаттан кететінін мәлімдеді

17:49, 24 сәуір 2026
Франция президенті Эммануэль Макрон 2027 жылы екінші президенттік мерзімі аяқталған соң саясаттан біржола кететінін мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ

Ол бұл туралы Кипр астанасы Никосияда оқушылармен өткен кездесуде айтқан.

Макронның айтуынша, ол президент болғанға дейін кәсіби саясаткер болмаған және қызметінен кеткеннен кейін де саясатқа қайта оралуды жоспарламайды.

Бұл ретте ол қазір ең қиын міндет – осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарын жоғалтпай, сақтап қалу екенін жеткізді.

"Бұл жай ғана бір нәрсе істеу емес. Мен үшін ең маңыздысы – өзім сенетін құндылықтарды қорғап, елім мен Еуропаның дамуына үлес қосу. Сондықтан бұл – мен үшін үлкен ынта мен ішкі құлшыныс", – деді Макрон.

Еске салайық, Макрон 2017 жылы Франция президенті болып тағайындалды. 2022 жылы екінші мерзімге қайта сайланған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар