Бұл күндері Франция астанасында Еуропа қазақтарының құрылтайы өтті. Парижге Еуропа Одағының түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Түркия мен Қазақстанның өзінен қазақтары келді.
Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының хабарлайды.
Құрылтайды Франциядағы түрік қазақтары қауымдастығы, Париждегі дипломаттарымыз және «Отандастар» қоры ұйымдастырды.
Пандемия басталғалы бері бірінші рет өтіп жатқан құрылтайға мыңға жуық адам қатысуда. Еуропа қазақтары үшін құрылтайдың маңызы ерекше. Олардың көпшілігі өздерінің төл мәдениетімен танысуға сирек мүмкіндік алады.
– Біз Қазақстаннан тыс жерде тұрамыз. Мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді сақтауымыз керек. Ол үшін мұндай құрылтайлар жылына бір рет өткізіліп тұрса, туған-туыстарымызбен, кандастарымызбен кездесеміз. Біз үшін бұл жерде өте маңызды, – Австриядағы қазақ диаспорасы қауымдастығының төрағасы Ертұғрул Шолпан.
«Отандастар» қорының мәліметі бойынша, 8 миллионға жуық қазақ тарихи отанынан тыс жерде тұрады.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=TjS-4728Z8k[/embed]
Дереккөз