Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ForteBank-тің қазақ тілін қажет етпейтінін білген 420-дан астам қызметкер жалақыдан бас тартты

11:21, 09 мамыр 2024 2183

Қазақстандағы атағы жер жарған Forte Bank компаниясының басы дауға қалды. Олар әлеуметтік желідегі парақшаларына қызметкерлер іздеп жатқанын жазды. Хабарландыруда "қызметкерге қазақ тілін білу маңызды емес" деген сөз болды. Осыны көрген барлық қазақстандық шу көтерді. Белгілі ұстаз, «QAZBILIM» ұлттық лицейлерінің құрылтайшысы, басқарма төрағасы Аятжан Ахметжанұлы да пікір білдірді.

"Қазақ тілін жүйелі іспен қорғамасақ, форте банк секілділер ұлттың тілін мәңгі мазақ ете береді!

QAZBILIM ұлттық лицейлері 8 қалада 420 дан астам қызметкер бүгінге дейін жалақысын ForteBank тен алып келген еді.

Форте банк ұлттың тілін қажет етпесе, онда QAZBILIM Ұлттық лицейлері қызметкерлері де Форте банктің картасын қажет етпейді. Қолданбайды. Бұдан былай жалақыны басқа банктен алатын боламыз!

Бұл QAZBILIM GROUP компаниясы басқармасының ресми шешімі. Біз толық қанды форте банк қызметінен бас тартып, ұстаздарымыз бен қызметкерлеріміздің жалақысын ресми түрде басқа банкке ауыстырамыз!

Форте банкке байкот!

Қазақ тілін қажет етпейтін банкті қазақ елі де қежет етпеуі қажет. Бұны сөзбен емес, іспен, нақты шешіммен көрсетеміз!

Біз мыңдаған мектептер Форте банктен бас тартса, он мыңдаған қолданушысынан айырылар еді. Сонда ғана бұндай астамсығандар есін жияды!

Ал, біз бас тарттық!

Сіздердің де бас тартқандарың жөн компаниялар, мектептер, емханалар, күллі мемлекеттік органдар!

Кіжініп отырмай, нақты жауап берейік!,-деді ұстаз. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар