Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

""Forte bank" елде орыстандыру саясатын жүргізіп жатыр". Банк экс-қызметкерінің мәлімдемесі

17:37, 15 мамыр 2024 862

"Forte bank" елде орыстандыру саясатын жүргізіп жатыр". Банктың экс-қызметкері мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы janabastau.kz-ке сілтеп. 

Естеріңізде болса, бос жұмыс орнына жариялаған хабарландыруында  "қызметкерге қазақ тілін білу маңызды емес" деген сөзге көпшілік наразылығын білдірген еді. Бұл ситуацияда Forte Bank компаниясы жасанды интеллект яғни роботтан кеткен қателік деп жауап берді.

Алайда көп ұзамай Forte Bank-тың бұрыңғы қызметкері бұл мәлімдемені жоққа шығарды.

Банктың экс-қызметкері Мағжан Ысқақов әлеуметтік желіде осы мәселеге қатысты вмдео үндеу жариялады.

"Форте банктың мәселесіне барлығы жазып жатыр. Форте банктың өзі де жазып жатыр. Роботтың жіберген қателігі емес. Осыдан 3-4 жыл бұрын Forte bank-те жұмыс жасаған кезде бұл система әлі де акуалды еді. Орыс тілін білетіндерге немесе орыс тілін міндетті түрде білетіндерге жұмыста көтерілуге, баспалдақ бойынша жоғары көтерілуге жоғары мүмкіндік жасалатын да, ал қазақ тіліне айтарлықтай көңіл бөлінбейтін.Қатты көңіл бөлінбейтін, сол себепті айтылып жатқан соңғы посттарындағы қазақ тілін құрметтеуге байланысты, роботтың жіберген қателігіне байланысты оның бәрі өтірік әңгіме",-деп видеода мәлімдеді банктың бұрыңғы қызметкері Мағжан Ысқақов

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар