Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Forbes 2024: Кулибаевтар тағы да әлемнің ең бай адамдарының тізімінде төбе көрсетті

03 сәуір 2024 243

Сәуір айының басында американдық Forbes өзінің дәстүрлі Forbes world's billionaires әлемдік миллиардерлер тізімін жариялады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Forbes 2024 нұсқасы бойынша ғаламшардың ең бай адамдарының рейтингіне тағы да алты қазақстандық бар. Олар: Вячеслав Ким, Тимур және Динара Құлыбаева, Владимир Ким, Тимур Турлов және Болат Өтемұратов.

Тек бір өзгешелігі, қазақстандық "командадағы" көшбасшы өзгерген. 2024 жылы ең бай қазақстандық болып Вячеслав Ким атанды. Өткен жылғы  миллиардерлерінің жаһандық рейтингінде 787-болса, биыл 511-орынға шыққан. 

Әлемдік рейтинг көшбасшыларына келетін болсақ, екінші жыл қатарынан әлемдегі ең бай миллиардер-Louis Vuitton moët Hennessy компаниясының президенті Бернард Арно болды. Қазір оның байлығы 233 миллиард долларға бағаланады.

Forbes әлемдік картасының екінші және үшінші орындарына Tesla және SpaceX иесі Элон Маск жайғасты.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?