Мәжіліс депутаттары мәдени-бұқаралық іс-шараларда фонограммаларды пайдалануға шектеу енгізу жөніндегі түзетуді қабылдады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды Alash.kz.
Депутаттың айтуынша, енді концерттерде, ойын-сауық кештерінде, мәдени шараларда әншілер фонограммасыз, тек жанды дауыста өнер көрсетуі тиіс.
"Бұл бастама қазақ өнерінің сапасын арттыруға, әншілердің кәсіби деңгейін көтеруге, халықтың мәдени талғамын қорғауға бағытталған. Өнер халыққа адал болуы керек. Фонограммасыз мәдениет – таза, шынайы өнердің кепілі, – деді депутат.