Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Еуроодақты таратып, дербес мемлекеттердің егемендігін қайтару қажет” - Илон Маск күтпеген мәлімдеме жасады

09:00, 08 желтоқсан 2025

Әлемге танымал кәсіпкер, X әлеуметтік желісінің, SpaceX, xAI және Tesla компанияларының иесі Илон Маск Еуроодақты таратып, дербес мемлекеттердің егемендігін қайтару қажеттігін айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

— ЕО-ны жою керек, ал жеке мемлекеттерге егемендігін қайтару қажет, сонда үкіметтер өз азаматтарының мүдделерін жақсырақ қорғай алады, — деп жазды Илон Маск Х желісінде.

Бұл мәлімдеме Еурокомиссия оның X әлеуметтік желісіне 120 миллион еуро көлемінде айыппұл салғаннан кейін жасалды.

Шілде айында Еурокомиссия әлеуметтік желі өкілдерін цифрлық қызметтер туралы заңды (DSA) бұзғаны жөнінде хабардар еткен. Бұзушылықтар жарнама ашықтығына және зерттеушілердің ашық деректерге қол жеткізуіне қатысты болды. Егер компания бұл мәселелерді шешпесе, жылдық айналымының алты пайызына дейінгі айыппұл салынатыны ескертілген еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар