ЕО Ресейдің басып кіруінің үш жылдығына орай 16-санкциялар пакетін мақұлдады, ал Еурокомиссия басшысы Украинаға €3,5 млрд көлемінде көмек бөлінетінін жариялады, деп жазады Alash.KZ.
Жаңа шектеулер келесі салаларға қатысты:
▪️Ресейдің әскери агрессиясына қатысы бар 83 жеке және заңды тұлға – бұлар Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешенін қолдайтын құрылымдар мен Мәскеуге санкцияланған тауарларды сатып алуға көмектесетін шетелдік компаниялар.
▪️Үшінші елдерден шыққан 74 кеме, санкцияға ұшыраған кемелердің жалпы саны 153-ке жетті.
▪️Қаржы және банк саласы: ЕО алғаш рет Ресейден тыс орналасқан, Ресей Орталық банкінің «Қаржылық хабарламалар беру жүйесін» (СПФС) пайдаланатын несие және қаржы мекемелерімен транзакцияларды тоқтатты.
▪️13 аймақтық банкке қаржылық хабарламалар беру бойынша арнайы қызмет көрсетуге тыйым салынды.
▪️Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешенін қолдайтын 53 жаңа компанияға қатаң экспорттық шектеулер енгізілді (қосарланған мақсаттағы тауарлар мен технологиялар бойынша).
▪️Ресейдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға ықпал ететін тауарларды (химиялық заттар, кейбір пластмасса және каучук түрлері) экспорттауға және Ресей арқылы транзитіне шектеу қойылды, сондай-ақ бастапқы алюминий импорттауға тыйым салынды.
▪️ЕО сегіз ресейлік БАҚ-тың (EADaily/Eurasia Daily, Fondsk, Lenta, NewsFront, RuBaltic, SouthFront, Стратегиялық мәдениет қоры және «Қызыл жұлдыз»/TVvezda) хабар таратуына тыйым салды.
▪️Ресейге ұшқышсыз ұшу аппараттарын (БпЛА), зымырандарды және олардың компоненттерін жеткізу үшін пайдаланылатын кейбір порттармен, доктармен және әуежайлармен кез келген транзакцияларға тыйым салынды.
▪️Мұнай мен газ барлауына қатысты бағдарламалық қамтамасыз етуді, тауарлар мен технологияларды экспорттауға шектеу енгізілді; Ресейде шикі мұнай өндіру жобаларын аяқтау үшін қажетті тауарлар, технологиялар және қызметтерді жеткізуге тыйым кеңейтілді (соның ішінде «Восток» мұнай жобасы).
▪️Ресей мұнайы мен мұнай өнімдерін ЕО аумағында уақытша сақтауға тыйым салынды, оның сатып алу бағасы мен соңғы жеткізу орнына қарамастан.
Украина наурыз айында ЕО-дан €3,5 млрд көлеміндегі жаңа төлем алады, деп мәлімдеді Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен.
Одан бөлек, ол Еуропадағы қару-жарақ өндірісін ұлғайтуға арналған кешенді жоспарды таныстыратынын айтты.
Сондай-ақ, ЕО энергетикалық қауіпсіздік бойынша ауқымды пакет дайындады.