Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Еуразиялық даму банкі Қазақстанға қанша қаржы бөледі?

08:34, 12 ақпан 2024 347
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады, деп хабарлайды Alash.kz сайты. 

Оның айтуынша, Еуразиялық даму банкінің Қазақстан экономикасына салатын жыл сайынғы инвестициясы екі жыл қатарынан 1 миллиард доллардан асқан.

Сондай-ақ, ол Президентке банктің 2022-2023 жылдардағы инвестициясының жылдық көлемінің жалпы сомасы 4,2 миллиард долларды құрағаны туралы баяндады. Бұл Стратегияда бекітілген 2022-2026 жылдарға арналған жоспардан шамамен 1,5 есе көп.

Қазақстандағы әлеуетті жобаларға бөлу үшін банктің 2024 жылға қарастырып отырған қаржы көлемі 3,5 миллиард доллардан асқан.

Ол инвестицияны, ең алдымен, көлік инфрақұрылымы, жылу энергетикасы, жаңартылатын энергия көздері, өнеркәсіп, агроөнеркәсіп және су ресурстары сияқты стратегиялық маңызды салаларға салу жоспарланып отырғанын айтты.

Фото: Ақорда
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар