Дубайға бұрынғы қазақстандық элита өкілдеріне тиесілі екі вилла сатылды. Мәмілелердің жалпы сомасы 20,7 миллиард теңге болды. Бастысы ақша мемлекеттік қордың шотына түсті, деп хабарлайды Alash.KZ.
Бұл туралы «Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компаниялар» қамқоршылық кеңесі отырысында айтылды. Бұл іс-шараға мәжіліс депутаты Марат Бәшімов жетекшілік еткен.
«Биыл 577 электрондық сауда-саттық өтті, онда 155 нысан ҚҚС-сыз 38,4 млрд теңгеге сатылды. Барлық мәмілелер E-Qazyna платформасы арқылы жүргізілді. Ең ірі сатылымдар арасында - Астанадағы «Думан» қонақ үйі 14,1 млрд теңгеге және Дубайдағы екі вилла - 20,7 млрд теңгеге сатылды. Мүліктің бір бөлігі тікелей мемлекетке өтті. Бұл 33 актив. Олардың арасында жер телімдері, археологиялық заттар мен ежелгі монеталар бар. Олар Ұлттық музейге тапсырылды», - деп есеп берді Қуанышбек Мұқаш.
Сонымен Дубайда сатылған виллалар кімдікі?
«Азаттықтың» тергеу деректері бойынша, бір жарым мың қазақстандық Дубайда 2700-ге жуық жылжымайтын мүлікке иелік етеді екен. Олардың жалпы құны бір миллиард доллардан асады.
Сонымен, хан сарайындай үйлердің иелері кімдер? Олар - Венера Баймырзаева, мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің жұбайы. Оның Living Legends-те 860 шаршы метрлік вилласы және бірнеше элиталық пәтері бар.
Әлия Мәулешева, бұрынғы табиғи ресурстар министрінің қызы. Palm Jumeirah-да вилла мен пәтердың иесі. Бағасы - шамамен 900 млн теңге.
Ерлан Атамқұлов, ҚТЖ экс-басшысы. Оның қызының атында да бірнеше вилла бар. Ол мұны мемлекеттік қызметке дейінгі инвестициялар деп есептейді...!
Бұрынғы ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановтың отбасы. Ауданы 1200 шаршы метрден асатын Palm Jumeirah вилласы оның жұбайына рәсімделген. Нарықтағы бағасы - 15 млрд теңгеге дейін.
Жанна Түсіпбекова, бұрынғы бас прокурордың келіні Рашида Түсіпбекова. Palm Jumeirah-дағы әсем вилланың иесі. Құны - 15 млрд теңге.