Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Есірткі сатты": Қырғызстан президентінің жиеніне тікұшақпен сөз салған "дөкей жігіт" ұсталды

12:33, 10 шілде 2024 654

Қырғызстан басшысы Садыр Жаппаровтың жиеніне тікұшақпен сөз салып, елдің назарын аударған жігіт ұсталды. Бұл жайлы Alash.KZ ұлттық порталы Kaktus media порталына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Президент Садыр Жапаровтың жиені Ләззат Нұрғожаеваның күйеу жігітін 5 шілдеде полиция қызметкерлері есірткіні таратып, дайындады деген күдікпен ұстаған. 

Жапаровтың баспасөз хатшысы Асхат Алагөзов Facebook парақшасында президенттің інісінің қызының күйеу жігітін құқық қорғау органдары ұстағанын растады.

"Ләззат Нұрқожаеваның күйеу жігіті тікұшақпен ұсыныс жасағаннан кейін танымал болды. Бұл жігіттің негізгі мақсаты өзінің заңсыз әрекетін қорғау үшін билікте өз адамын табу болды деп айтуға толық негіз бар", - деді Асхат Алагөзов.

Оның сөзінше, бұған кімның қатысы болса да Садыр Жапаров заңсыз әрекеттерді жасырмайды.

Ұсталған жігіт пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттері туралы тергеу барысында анықталатыны айтылды.

Орайы келгенде айта кетейік, қырғызстандық БАҚ-та жақында ТЖМ тікұшағын жалға алып, үйленуге ұсыныс жасаған күйеу жігіт Афтандил Сабырбеков екені туралы ақпараттар пайда болды. Оқиғаның видеосы дау тудырғаннан кейін Садыр Жапаров болашақ күйеу баласының ысырапшылдығы үшін халықтан кешірім сұрауға мәжбүр болды.

Құқық қорғау органдары Афтандил Сабырбековті есірткі сатты деген күдікпен ұстаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар