Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Есікті күзетіп, тоқтаусыз хабарласады". Боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі өзін Әнару Құрманәлінің күндіз-түні аңдып жүретінін хабарлады

10:58, 29 қыркүйек 2024 365

Боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса әлеуметтік желі парақшасында ел күтпеген мәлімдеме жасап, өзін Әнару Құрманәлінің күндіз-түні аңдып жүретінін хабарлады. Сонымен қатар, оның бұл қылығы "ұят әрі аянышты" екенін айтты, – деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы ұлттық порталы Aikyn.kz басылымына сілтеп.  

Айта кетейік, Әнару Құрманәлі есімді ару «Жанқош Тұраров зорлады» деп шағым түсірген болатын.

«Түнімен, Құдайдың құтты күні осындай қоңыраулар келеді Әнарудан. Не әңгіме айтатынын естігілеріңіз келе ме? Қыздың бұндай қырын көрсету тіпті ұят әрі аянышты. «Зорланған» ару есікті күзетіп, тоқтаусыз хабарласа ма? Уақыты келгенде барлығын көрсетеміз. ...«Жанқоштың үйленгенін білмедім, танымадым» дегені естеріңізде ме? 1 пост, 1 сторис қалдырмай реакция жіберіп, бақыт тілеп, бізге қалай қызығатыны жайлы жүрекжарды пікір жазып келген екеуміздің де парақшамызда», - деп жазды Клара Иса әлеуметтік желіде.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар