Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ешкімге зияны жоқ, мықты жаттықтырушы еді: Ақтауда бір топ ер адам зорлап есірткі берген марқұм қыз туралы тың ақпарат шықты

12:46, 14 қаңтар 2025 2061

Ақтауда қаза тапқан жаттықтырушы қыз Алинаның құрбысы берген сұхбатында жәбірленуші туралы айтты, - деп хабарлайды Alash.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Алина мен Әсел 2021 жылғы 30 қазанда танысқан. Алғашында Әсел топтық жаттығуға барып, кейіннен Алинаның жеке жаттықтыруына көшкен.

"Мен арнайы жаттығу жасау үшін кроссфит залына барған болатынмын, алдымен оның топтық жаттығуына қатыстым, кейіннен мені жеке дайындай бастады. Алина екеуміз жаттығуды бастадық, сол кезден бастап жақсы сөйлесіп, жақын дос болып кетттік. Үйіміз бір-біріне жақын болды", - деді ол.

Әсел құрбысы Алинаны ешкімге зияны жоқ, білімді, өмірге деген көзқарасы ерекше қыз ретінде еске алды.

"Алина ешкімге зияны жоқ адам еді. Ол Маңғыстау облысы мен Ақтаудың бүкіл құрама спортшыларын қоян-қолтық ұрыс, тхэквондо, дзюдо, карате бойынша жаттықтырған мықты жаттықтырушы болды. Ол қоғам алдына көп шыға бермейтін, сондықтан оны көп адам тани бермеді, бірақ спортшының бәрі танитын. Өзі ақкөңіл болды, музыкасын тыңдап, киносын көріп, күні-түні кітап оқитын білімді қыз болды. Бакалавр, магистратурасын қызыл дипломға бітірген. Орыс, қазақ тілінде еркін сөйлейтін, марафондарға қатысатын, 41-42 шақырымды қиындықсыз жүгіретін", - деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар