Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ешкімді қарғағым келмейді, қышуы қансын: Мақпал Жүнісова өзін сынаған "дұшпандарды" орнына қойды (ВИДЕО)

11:35, 24 қараша 2024 1770

 Әнші Мақпал Жүнісова тележүргізуші Дина Төлепбергенге сұхбат беріп, желіде тарап кеткен видеосына қатысты сын айтқан хейтерлерге жауап берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Кешірім сұрайтындай ешкімнің басын жарған жоқпын. Ешкімді атып тастаған жоқпын. Әлеуметтік желіде өздеріңіз ушықтырып алып кеттіңіздер. 

Бұл жағдай маған ауыр тиген жоқ. Себебі мен мұндайға үйренгенмін. Сол жағдайдан кейін де талай жерге барып, ән айтып келдік. Халық бір ауыз сөз айтқан жоқ. Құшақтап, сүйіп құрмет көрсетті. Анда-санда дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек.

Олардың да қышуы қансын. Хейтерлерді айтамын. Әбден тойлады, ауыздарына келгенін айтты. Жақсылап тұрып мені "ой сорлы" деп сынады. Айтсын. Ешкімді қарғағым да келмейді, ешкімге «ауыздарыңды жабыңдар, жазғандарыңды алыңдар» деп те айтпаймын. Сол видеоларыңды жастықтарыңның астына қойып, жастанып жатыңдар. Мүмкін содан бақытты болатын шығарсыздар, - деді Мақпал Жүнісова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар