Қазақ ғалымдары Дархан Қыдырәлі, Нәпіл Базылхан, Нұрболат Бөгенбаев моңғолиялық әріптестерімен бірлесіп Құтлық Елтеріс қағанның кешені мен жазуын тапты. «Номгон» бірлескен экспедициясын Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясының Археология институты бірлесіп жүргізген болатын.
Мамандар Номгон кешенін Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта жаңғыртушы Құтлық Елтеріс қағанға арналған деген тұжырым жасап отыр. Сонымен қатар табылған бітіктас «түрк» атауы алғаш рет кездесетін ең көне түркі дәуірінің жазба ескерткіші екенін мәлім етті.
Бұл түркология ғылымына ғана емес, әлемдік ғылымға қосылған тың жаңалық, зор үлес. Бүгін Дархан Қыдырәлімен хабарласып, қазақ ғалымдарының тарихи табысымен құттықтап, қуанышқа ортақтастық. Ол жуық арада баспасөз мәслихатын өткізіп, бітіктастағы жазулардың сырын ашып, жалпы жұртқа жариялайтындарын айтты. Осылайша, отандық ғалымдар көне заманның көмбесін тауып, оны әлемдік айналымға енгізбек.
Ерлан Қарин. Құтлық Елтеріс қағанның кешені мен жазуы табылды
07:07, 27 тамыз 2022
Соңғы жаңалықтар
Шавкат Мирзиёевке сенім грамотасын табыс етті: Ералы Тоғжанов жаңа қызметіне кірісті
17:43, 29 шілде 2026
«Ауруым осы жағдайға жеткізді»: Нұрай Серікбайдың өліміне күдікті өз уәжін айтты
15:45, 28 шілде 2026