Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ерекше қатігездікпен өлтірді: Шерзатқа пышақ салған Шынасыл екені дәлелденді! -ПРОКУРОР

10:47, 02 маусым 2025 889

Шерзатты ерекше жауыздықпен өлтірген: іс бойынша прокурор жарыссөзде сөйледі, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Бұған дейін 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша өтіп жатқан сотта жарыссөз кезеңі басталған еді.

Судья Ержан Жанұзақов мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбаеваға сөз берді.

 Шерзат – өте жас еді. Ол – ата-анасының үміті, елдің болашағы болатын. Оның өмір сүруге, бақытты балалыққа, ұрпақ сүюге құқығы бар еді. Бірақ оның өмірі бір пышақ жарақатымен қиылды. Оны ата-анасының көз алдында ерекше қатігездікпен өлтірді. Қазір қоғам үреймен өмір сүріп жатыр – менің балам келесі құрбан болып кетпей ме деп қорқады. Сондықтан сот әділетті шешім шығаруға міндетті, – деп бастады прокурор сөзін.

Тәуелсіз сараптама сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігіне келтірілген зақым Шерзаттың өлімімен тікелей себептік байланыста болатын денсаулыққа ауыр зиян екені көрсетілген. Демек сараптамалар Шерзаттың өлімі Шынасылдың ұрған соққысынан екенін нақты көрсетіп тұр. Сарапшы Халимназаров жарақат тереңдігі 12 см, ал Шынасылдан алынған пышақ жүзі 9,5 см. Алынған жарақат аталған пышақтан болуы мүмкін бе деген сұраққа ол “адамның денесінің терісі серпінді болғандықтан, аталған пышақтың жүзі сабының түбіне дейін кіргенін айтуға болады, пышақ қатты күшпен салынған” деп жауап берді, – деді Дана Сәрсенбай.

Дана Сәрсенбай Шынасыл сотты шатастыру үшін әртүрлі жауап беріп отырғанын айтады. Прокурор сотта Шерзатты пышақты Шынасыл салды деген айпытау толық дәлелденді деп мәлімдеді.

Сотта Шерзатқа пышақпен соққы жасаған Шынасыл екені толықтай дәлелдемелермен көрсетілді. Шынасыл Абзал Шерзатқа келтірген бір жарақат Шерзаттың өлімімен тікелей себептік байланыста болған. Оны екі сарапшы да көрсетті, – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар