Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ерболат Досаев Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

10:34, 08 мамыр 2024 401

Алматы әкімі Ерболат Досаев 9 мамыр мерекесіқарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлерінебарып, Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың атынан құттықтады.

Ерболат Досаев Ұлы Отан соғысына қатысқан99 жастағы Иван Матвеевич Бегуновқа барды. Ардагердің жастық шағы соғыс уақытына тап келді. Ол 1925 жылы Украинаның Житомир қаласында дүниеге келген. Ақтөбе облысындаКеңес әскері қатарында қызмет атқарып, солжерден майданға аттанып, 228-ші гвардиялықатқыштар полкінің құрамында соғысқан.

Пулеметші Иван Матвеевич Еуропаны азатетуге қатысқан. Шабуыл кезінде ол пулеметпенжаяу әскердің алға жылжуына жол ашып, оларғапозициялар арасындағы қашықтықты еңсеругемүмкіндік бере білді.

Батылдығы мен ерлігі және сарбаздардыңрухын көтере білгені үшін Иван Бегунов «ҚызылТу» орденімен, «Ерлігі үшін», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңісі үшін» медалімен және басқада жауынгерлік наградалармен марапатталған.

Соғыс ардагері бір ұл, бір қызынан 5 немере, 11 шөбере сүйіп отыр.

«Иван Матвеевич, сізді көргеніме өтеқуаныштымын. Келесі жылы 100 жылдықмерейтойыңызбен құттықтаймын деп үміттенемін. Сізге бас иіп, тағзым етіп, Ұлы Жеңіске қосқанүлесіңіз үшін алғыс айтамыз. Өзіңіздей батырменмақтанамыз», - деді Ерболат Досаев.

Қала басшысы ҰОС ардагері ДарбалаӘміржанқызы Жабатаеваны келе жатқан мерекеменқұттықтап, ерекше ілтипат көрсетті. ЕрболатДосаев ардагерге соғыс кезіндегі қажырлы еңбегімен қызметі үшін шын жүректен алғыс айтып, зорденсаулық тіледі. Алматы әкімі ардагерлердің өміріерліктің, борышқа адалдықтың үлгісі екенін атапөтті.

Қостанай облысының тумасы ДарбалаЖабатаева қысқа мерзімді курстан байланысшымамандығын алғасын 1943 жылы 18 жасында өзеркімен майданға аттанған. Бойжеткеннің алдындафашистердің санын, атыс нүктесін анықтап, олдеректерді жедел түрде рация арқылы штабқахабарлау деген жауынгерлік міндет тұрды. Шайқастың бірінде Дарбала Әміржанқызы жарақаталды. Госпитальда емделіп шыққан соң 2-ші Беларусь майданының 4-ші танкке қарсыартиллериялық бригадасына жіберілді. ДарбалаӘміржанқызы Германияда соғысты аяқтады.

Ерлігі мен жауынгерлік еңбегі үшін II дәрежелі«Отан соғысы» орденімен, «Әскери қызметі үшін», «Беларусьті азат еткені үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияныжеңгені үшін» және т.б. маңызды орден жәнемедальдармен марапатталды. 30 жылдан астамуақыт ардагер жауапты лауазымдарда жұмыс істеді, депутат және Алматы қалалық еңбек депутаттарыкеңесінің атқару комитетінің мүшесі болыпсайланды. Қазір Дарбала Әміржанқызы қызыменбірге тұрады. Туыстары ерекше құрмет тұтады, қамқорлық көрсетеді. Дарбала Әміржанқызы бес немере мен алты шөберенің сүйікті әжесі.

Ардагерлермен кездесу үйде майдангердіңотбасында, ағайын-туыстың қасында ерекше ыстықықыласпен өтті.

Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге қалаәкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері де ат басынбұрды. Кездесу барысында олар майдангерлердімерекемен құттықтап, зор денсаулық пен бақыттіледі, сондай-ақ 9 мамырда Жеңіс күнін тойлауға28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябаққашақырды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар