Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Еңгезердей жігітсің, ақіретте жауап бересің: Жігер Ауыпбаев Қайрат Нұртасқа үндеу жасады

13:52, 18 шілде 2024 5362

15 тәулікке қамалған әнші Қайрат Нұртасты қолдау мақсатында өнердегі әріптесі Жігер Ауыпбаев желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Өз жазбасында ол әншіні болмашы бір әңгімеге бола қаматқан сатқын досы туралы айтты.

“Жігіттердің арасында “тоқылдақ” деген атты жігіттік сипаттан кеткен адамға тағатын еді. Еңгезердей жігіттің болмайтын әңгімеге бола арыз жазып, 15 тәулікке қаматып жібергені ұят енді. Жігітше екеуара шешсе де болар еді ғой. Қайрош досым! Еш мойыма. Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді?! Сен өте ақкөңіл жансың ғой. Ақ көңілдігіңді пайдаланып, сенің кең құшағыңа білдірмей кіріп алып, өз пайдасын ойлап жүргендер бұл өмірде болмаса да, ақыретте жауап берер. Сатқындық! Сен еркексің”, – деп жазды әнші. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?