Бұл жайлы inbussines.kz ақпараттық порталы мәлім етті. Мәселен, Ақмола облысындағы Аршалы ауданының әкімдігі биыл жаңажылдық шыршаға 3,4 миллион теңге бөліпті. Техникалық ерекшелігіне сәйкес, жасанды шыршаның биіктігі 12 метр, диаметрі 6 метрден кем болмауы тиіс.
Ал әзірге еліміздегі ең қымбат жаңажылдық атрибут Риддер қаласында болып тұр. Мұндағы бас шыршаның құны — 7,23 миллион теңге.
Одан бөлек Алматы облысындағы Қарғалы ауылына 1,78 миллион теңге тұратын шырша қойылады. Шыршаны құру, орнату қызметтеріне осы қаражат жұмсалады.