Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Енем "Айгүл" ансамбльінің әншісі болған": Айгүл Иманбаева ешкім білмейтін құпиямен бөлісті

12:54, 15 қараша 2024 884

Әнші-актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында өз өміріндегі кездейсоқ жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Alash.KZ. 

"Құдайдың құдіретіне шек жоқ қой. Мамам (Енем) 1968 жылы Қыздар мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан ашылған “АЙГҮЛ” вокалды-аспапты ансамблінің құрамында әнші болған - Ақжан Жайсанбаева. Қазір жасы 76 да. Мен өмірге келген жылдары ансамбльдің дүркіреп жатқан кезі екен. Содан менің мамамның құрбысы атымды сол ансамбльдің құрметіне "АЙГҮЛ" деп қойған" дейді әнші.

Тағдыр деген қызық қой, сол ансамбльдің аты берілген Айгүл кейін "Айгүл" ансамбльінің әншісінің келіні болады деп кім ойлаған?

Бұл туралы актриса былай дейді:

"Тағдыр жолымда араға қаншама жыл салып өмірлік жартымның анасы “АЙГҮЛ” ансамблінде әнші болғандығы кезедейсоқтық еместігі анық. Ал бүгін мен ”Хабар”арнасында таңғы эфирге шақырылдым. Мамамды “Абай”арнасы “Айгүл”ансамблінің құрамымен түсірілімге сонау Алматыдан алдырыпты. Таңертен екеуімізде әртіс болып айнаның алдында жиналғанымыз тіпті қызық болды" дейді әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар