Әнші Жазира Байырбекова желідегі парақшасында жазба жариялап, ене болудың оңай емес екенін айтты, деп жазады Alash.kz.
Өнер иесі ене қандай болуы керек екенін әлі нақты айта алмайтынын жеткізді.
"Ене болу қалай екен?" дейсіздер. Ене қандай болу керек екенін ене болғанда айтамын дейтінмін. Қазір де нақты айта алмаймын. Маған енеден гөрі ана болу оңайырақ әрі жеңіл сияқты. Жас енелерге лайфхак: ене бола алмай, қалай ене болам деп жатсаңыздар, жай ғана «Мама» бола салыңыздар. Жеңіл болады. Осында ене болған аналар болса, кеңестеріңізді жаза отырыңыздар!» – деп жазды Жазира Байырбекова.