Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Енді көріпкелдерге барған адамдар жазаланады

19:13, 28 тамыз 2024 592

Тәжікстан Ішкі істер министрлігі көріпкелдер мен емшілерге заңды шара қолданбақ, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Avesta.tj сайтына сілтеме жасап. 

ІІМ жедел-профилактикалық тексерулер барысында 150-ден астам азаматтың көріпкелдер мен емшілерге жүгінгенін анықтаған.

Мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу үшін көріпкелдер мен сиқыршыларға жүгінген барлық азамат ішкі Істер министрлігінің бөлімшелеріне жеткізіледі. Олардың деректері ІІМ мұрағатына енгізіледі, – деп хабарлады ведомство.

Десе де Тәжікстан азаматтарының балгер мен көріпкелдердің қызметіне не себепті жүгінгені белгісіз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар