Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Енді әлеуметтік желіде репост жасағандарға айыппұл салынады

20:02, 22 қазан 2025 169

Қазақстанда әлеуметтік желілерде заңсыз немесе тыйым салынған ақпаратты таратқандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделіп отыр. Мәжіліс бұл туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Alash.kz.

"Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" заңға енгізілетін түзетулерге сәйкес, жаза тек тыйым салынған контентті жасаушыларға ғана емес, оны таратқан немесе репост жасаған азаматтарға да қолданылатын болады.

Тыйым салынған контент қатарына мыналар кіреді:

  • экстремизмге, зорлық-зомбылыққа немесе соғысқа шақыратын материалдар;
  • суицид, есірткі немесе сепаратизмді насихаттау;
  • Қазақстанның аумақтық тұтастығына қарсы пікірлер мен жарияланымдар.

Бұл талаптар "Интернет-платформалар мен интернет-жарнама туралы" заңда да көрініс тапқан. "Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" құжат 15 қазан күні Мәжілістің жалпы отырысында мақұлданды.

Қазіргі уақытта айыппұлдың нақты мөлшері белгіленген жоқ. Дегенмен, заң күшіне енсе, қазақстандықтар әлеуметтік желілерде бөлісетін немесе репост жасайтын материалдарға ерекше сақ болуы тиіс. Себебі жай ғана бөліс үшін де әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар