Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ең үлкен олжам – келін алдым. Көңілімнен шығатын Индира деген келінім бар" - Гүлзира Айдарбекова

16:55, 29 желтоқсан 2024 1466

Продюсер Гүлзира Айдарбекова 2024 жыл несімен есте қалғанын айтып берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

”2024 жыл десе кеудем қуанышқа толады. Өте жақсы жыл болды. Ең үлкен олжам – Заңғар үйленіп, келін алдық. Жыл басы құда күтумен басталды. Көңілімнен шығатын Индира деген келінім бар. Одан кейін саяхат жылы болды. Бірнеше рет шет елге шығып, демалып келдім. Көптен бері армандап жүрген Швейцария еліне табаным тиді. Европаны түгел араладым. Германиядан бастап, Фарнция мен Италия, Венецияға саяхаттадым. Солтүстік Кипрге бірнеше рет бардым. Күні кеше ғана Дубайдан оралдым. Сондай-ақ жеке бизнес ашып, киім дүкенін жүргізіп отырмын. Ол да көптен бері ойда жүрген іс еді. Төрт көзіміз түгел болып, жаңа жылды қарсы алғалы отырмыз. Балаларым мен келіндерім, немерелерім бәрі жанымызда. Содан артық бақыт жоқ. 2025 жылы Қайраттың жеке концерттерін көбейтеміз. Бүкіл республиканы аралап, концерт қоямыз. Ең бастысы, аман-есен болайық”, – деді Гүлзира Үсенқызы Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар