Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елтаңбаны далаға тастай салған Жетісу облысының соты айыппұл төледі

06:13, 30 сәуір 2023 314
Жетісу облысының соты Елтаңбаны ауласына тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл видео желіге жарияланып, полиция бірден шара қолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Желіге жарияланған видеода Елтаңба макеті Жетісу облыстық сотының ғимараты аумағында жерде жатқанын анық көруге болады.

«Жетісу облыстық полиция Талдықорған қаласындағы облыстық сот ғимаратының жанынан тасталған күйінде табылған Елтаңбаның макеті бейнеленген видеоны зерттеді. Жауапты тұлғалардың әрекеті әкімшілік заңнамада көзделген құқық бұзушылық деп танылғанын хабарлаймыз. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 418-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес облыстық сот әкімшілігінің Инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы жауапкершілікке тартылды»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар