Полиглот Владислав Тен әлеуметтік желідегі жазбасында тіл мәселесіне қатысты ойын бөлісті, деп жазды Alash.kz.
Оның айтуынша, танысының немересі сырқаттанып қалған соң, өзі білетін тәжірибелі дәрігерге жүгінген. Ауруханадағы медбике оның қазақ емес екенін байқап, орыс тілін білмейтіні үшін кешірім сұраған. Сонымен қатар Қытайда туғанын айтып, қытай тілін меңгергенін жеткізген.
Бір танысымның немересі ауырып жатыр деп, мен танитын бір мықты дәрігерге жүгіндім. Ауруханада медбике менің қазақ емес екенімді көріп, орысша білмейтіні үшін кешірім сұрады. Өзі Қытайда туғандықтан, есесіне қытай тілін білетінін айтты. Мен оған: «Кешірім сұраудың қажеті жоқ, керісінше, еліміздің негізгі тілін білмейтін біз кешірім сұрауымыз керек» дедім, - деп жазды ол.
Ал Владислав Тен бұған жауап ретінде кешірім сұраудың қажеті жоқ екенін айтып, керісінше, елдің негізгі тілін білмейтіндердің өзі қысылуы тиіс екенін жеткізген.