Елімізде 16 жасқа толмаған балалардың қай әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салынатыны белгілі болды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігі желтоқсан айының басында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірленді.
Жобаға сәйкес, 16 жасқа толмаған желі пайдаланушыларын онлайн-платформаларға тіркеуге тыйым салынбақ.
«Аталған заң жобасы барлық әлеуметтік желіні қамтымақ. Қазір Министрлікте әлеуметтік желілерге қатысты техникалық нормалар талқыланып жатыр. Бүгінде бұл тәжірибе көп елде қолданысқа енді. Бұл – әлемде бар практика. Көп ел бұл шарарарды қолданып жатыр. Бұл – қалыпты жағдай. Себебі бұл ең алдымен балалардың қауіпсіздігіне тікелей қатысты. Қазір ірі әлеуметтік желілердің әкімшілері бұл процесті қалай реттеу керек екенін қарастырып жатыр. Жалпы, бұл – дүниежүзі бойынша ауқымды жүріп жатқан процес», – делінген ведомство жауабында.