Жапонияның Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті, деп хабарлайды Alash.kz.
Шеру барысында Қазақстан ұлттық құрамасының туын дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисі шебері Сарвиноз Миркадирова ұстап шықты. Салтанатта спортшыларымыз ұлттық нақышта дайындалған арнайы киімдерімен Қазақстан делегациясының көшін бастап жүрді.
Биылғы Азия дүбірлі додасында ел намысын 558 спортшы қорғайтын болады. Өз кезегінде 4 қазанға дейін жалғасатын бұл бәсекеде жалпы 460 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Айта кетейік, турнирдің алғашқы жүлделері 20 қыркүйекте ойнатыла бастайды.