Париж Олимпиадасының чемпионы, Токио ойындарының қола жүлдегері Елдос Сметов өзіне сыйланған автокөлікті сатуға шешім қабылдады, деп Alash.kz ұлттық порталы 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі дзюдошы Instagram желісіндегі stories бөлімінде көлігінің суретін жариялап, оны сататынын хабарлаған.
"Жұғысты болсын!" – деп жазды спортшы, болашақ иесіне сәттілік тілеп.
Белгілі болғандай, сатылымға қойылған көлік – Mercedes AMG GLE маркалы темір тұлпар. Бұл көлікті Сметовке 2024 жылы Париж Олимпиадасындағы алтын жүлдесінен кейін Динара Сәтжанның күйеуі, кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов сыйға тартқан болатын.