Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елдос Сметов Азия ойындарының финалында күміс медаль иеленді

17:31, 30 қыркүйек 2026

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының финалында жапониялық Хаято Кондомен белдесті, деп жазды Alash.kz.

60 келіге дейінгі салмақта өткен шешуші кездесуде Кондо жеңіске жетіп, алтын медальді иеленді. Осылайша Елдос Сметов Азиаданы күміс жүлдемен аяқтады.

Сметов бұған дейін жарыстың 1/8 финалында Оңтүстік Корея өкілі Ли Ха Римді, ширек финалда моңғолиялық Ариунболд Энхтайванды, жартылай финалда Қытай Тайбэйінің өкілі Ян Юнвейді жеңген еді.

Бұл – Елдос Сметовтің Азия ойындарындағы үшінші медалі. Ол 2014 жылы Инчхонда 60 келіге дейінгі салмақта алтын алған, сондай-ақ командалық жарыста күміс жүлдеге ие болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар