Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елдос Сметов Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турниріне қатысады

11:23, 11 қазан 2026

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін «Үлкен дулыға» турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

ҰОҚ мәліметінше, тізімге Қазақстан құрамасынан жеті ер спортшы кірді.

60 келіге дейін: Елдос Сметов, Талғат Орынбасар

66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Ақылжан Жұбатқанов

81 келіге дейін: Жалғас Қайролла

90 келіге дейін: Айдар Арапов

100 келіге дейін: Марат Байқамуров

Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін. Grand Slam турнирі 29-31 қазан аралығында өтеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар