Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Елдің бәрі соғысқа дайындалып жатыр": Сербия президенті шұғыл мәлімдеме жасады

16:15, 05 қазан 2025 331

Сербия президенті Александр Вучич әлемнің көптеген елі өз еркімен әскери шығындарын арттырып, соғыс пен қақтығыстарға дайындалып жатқанын айтты, деп Alash.kz ұлттық порталы РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Kurir басылымының жазуынша, Вучич бұл мәлімдемесін Белград – Суботица бағытындағы жоғары жылдамдықты теміржолдың жаңа бөлігін пайдалануға беру рәсімінде жасаған.

"Біздің елде кейбір мәселе бойынша жағдай қиындай түседі, өйткені халық білуі керек – барлығы соғысқа дайындалып жатыр. Ал егер соғысқа дайындық жүріп жатса, ол міндетті түрде болады. Мен мұны айтып отырмын, себебі не болып жатқанын және елдердің қалай дайындалып жатқанын өз көзіммен көріп отырмын", – деді Александр Вучич.

Президенттің айтуынша, қазір мемлекеттер қақтығысты болдырмау үшін келіссөздерге дайындалып жатқан жоқ, керісінше, "бәрі окоп қазып, соғыстың басталуын күтіп отыр".

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар