Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ел тыныштығы мен қауіпсіздігі маңызды"

10:12, 13 қазан 2022 161
Серікзат Дүйсенғазин, ақын,

филология ғылымының кандидаты:

– Елімізде  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті басталды. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етуде.  Саммитте Президент: «Бүгін біз бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс пен әлемдік экономикадағы күшейе түскен дағдарыс жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Бұл құбылыс қазірдің өзінде «жаһандық дисфункция» деп аталды. АӨСШК-тің бұған дейінгі 2019 жылы өткен саммитінен бері әлемдік қоғамдастық ауыр сынақтарды бастан өткерді. Оның салдары жаһандық дамуға әлі де әсер етіп отыр. Менің ойымша, біздің алдымызда тұрған ерекше маңызды міндет – туындаған зор қауіп-қатерлер жағдайында халықаралық қатынастардағы тұрақтылыққа қол жеткізу. Көпжақты механизмдерге тың серпін беру және ашық диалогқа оралу аса маңызды» деді.

Тұрақтылыққа қол жеткізу мәселесін текке айтып отырған жоқ. Әлемдік экономикадағы шиенелістер күшейген сайын дағдарыстың та артатыны белгілі. Қазір азық-түлік қымбаттады, әлеуметтік ахуал төмендеді деп, дабыл қағып жатырмыз. Халыққа қажеті не: бейбітшілік пен тұрақтылық. Осы қасиетті сақтай алсақ, әлеуметтік қиындықты да шешуге мүмкіндік болады.

Өткенде Астана Діндер съезі өтті. Рим Папасы Франциск  Қазақстанға бейбітшілік елшісі ретінде келгенін жеткізді. Өз сөзінде Рим Папасы мынадай әдемі ой айтты: «Сіздерде «Береке басы – бірлікте» деген мәтел бар. Бұл барлық жерде, әсіресе осы жерде маңызды ұғым екені сөзсіз. Елде 150-ге жуық этникалық топ пен сексеннен астам тіл бар. Әртүрлі тарихы, мәдени және діни дәстүрлері бар бұл халықтар бірлесе, адам айтса нанғысыз ынтымақтастық орнатқан». Мұндағы ынтамақтастық термині текке айтылып отырған жоқ. Қазақ қоғамын да біріктіріп отырған түйін сол.

Қоғамда түрлі көзқарас қалыптасуы мүмкін. Бірнәрсе ғана ақиқат: бірлік бар жерде тірлік болады. Президент осы мақсатта жақсы дипломатиялық ұстанымды негіз етіп отыр. Бұл ел тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін де маңызды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар