Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ел ертеңіне» 233 қатысушы өтініш берді

15:04, 27 қазан 2022 140
20 қарашада өтетін кезектен тыс Президент сайлауына байланысты «Ел ертеңі» қоғамдық қоры арнайы іс-шаралар өткізуді қолға алды. Оның ең бастысы – бақылаушылар тобын даярлау болмақ. Қоғамдық қорына қазірдің өзінде 233 қатысушы өтініш беріп үлгерген.
Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Талғат Жанысбай өзінің Facebook-тегі парақшасында азаматтарды сайлаудың өтуіне белсене ат салысуға шақырды.
«Біз ең белсенді азаматтарды бақылаушылар қатарына қосылуға шақырамыз. Өйткені тәуелсіз бақылаушылардың рөлі алдағы сайлауда өте маңызды. Тәуелсіз бақылаушылардың негізгі міндеті – сайлаудың әділ және адал өтуіне ықпал ету. Ел ертеңіне бей-жай қарамайтын ұлтжанды, адал азаматтар осынау жауапты кезеңде өз көзқарастары мен азаматтық ұстанымдарын көрсетеді деп сенім артамыз», – деді ол.
Алдағы сайлауға «Ел ертеңі» қоғамдық қоры атынан бақылаушы болуға шешім қабылдағандардың бірі – Азамат Жолданбаев. Тәуелсіз бақылаушылардың сайлауда рөлі ерекше екенін айтқан ол азаматтарды белсенді болуға үндеді.
«Алдағы сайлау – билік құрылымдары мен халық арасында кері байланыс орнатуға мүмкіндік беретін негізгі механизм. Сайлау саяси және құқықтық жүйеге, тұтастай алғанда, қоғамда тұрақтылық орнатуға мүмкіндік береді деген сеніммен, жастардың бастамашыл тобын ұйымдастырып, алдағы сайлауда бақылаушы болуға бел будық. «Ел ертеңі» қоғамдық қорының атынан жұмысымызды бастап кеттік», – деді Азамат Жолданбаев.

Тәуелсіз бақылаушы қатарына қосылу үшін Google формасын толтырып, сілтеме бойынша өтініш бере аласыздар: https://docs.google.com/forms/d/1_6GFGbewu1YFZYMnkCOTFkUJK7EbI_TMz9Pd8n-IiD8/edit
Сондай-ақ Facebook-те өтініш жазу арқылы қосылуға: https://www.facebook.com/profile.php?id=100086129067005
Instagram: https://instagram.com/elerteniqq?igshid=NjZiMGI4OTY=
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?